"АрселорМиттал Теміртау" қаза тапқандардың отбасына көмек көрсетілетінін мәлімдеді

0
551

"АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорынында төрт жұмысшы қайтыс болды.


ERNUR.KZ. "АрселорМиттал Теміртау" АҚ басшылығы қаза тапқан қызметкерлердің отбасыларына көмек көрсетілетінін мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.

“10 маусым "Құрылысмет" ЖШС мастерпресс цехында жазатайым оқиға болып, салдарынан "АрселорМиттал Теміртау" АҚ төрт қызметкері қаза тапты. Бесінші қызметкер Теміртау қаласының орталық қалалық ауруханасына жатқызылды, жағдайы бірқалыпты. Арнайы комиссия құрылды, іс тергеліп жатыр. Ұжымдық шарттың талаптарына сәйкес марқұмдардың отбасыларына бүкіл қажетті көмек көрсетіледі", - делінген компанияның ресми сайтында.
Естеріңізге сала кетейік, кеше, 10 маусымда "АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорынында төрт жұмысшы қайтыс болды.
Оның айтуынша, оқиға жұмыс істемейтін пешті демонтаждау кезінде болған. 4 адам оқиға болған жерде көз жұмды. Біреуі ауруханаға жеткізілді.
Президент оқиғаның себебін анықтауды тапсырды.