"АрселорМиттал Теміртау" компаниясының өкілі шахтадағы апатқа қатысты пікір білдірді

0
334

Арман Қалықов газ-дренажды ұңғыманы бұрғылау кезінде зиянды қалдықтардың шыққанын мәлімдеді.


ERNUR.KZ. "АрселорМиттал Теміртау" АҚ Көмір департаментінің директоры Арман Қалықов "Ленин" шахтасында болған апатқа қатысты пікір білдірді, деп жазады stan.kz.

Арман Қалықов газ-дренажды ұңғыманы бұрғылау кезінде зиянды қалдықтардың шыққанын мәлімдеді.

"Апат кезінде жер астында 106 адам болған. 9 адам зардап шекті, қазір 4 адам ауруханада. 5 адам көз жұмды. Қазір апаттық-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Опат болған жұмысшылардың туыстарына және әріптестерімізге қайғыра көңіл айтамыз", – деді ол.

Компания өкілінің сөзінше, көз жұмған жұмысшылардың отбасыларына тиісті көмек көрсетіледі.

Ал зардап шеккендер Шахтинск орталық ауруханасына жеткізілген. Алдын ала диагноз – метаннан улану. Екі адам токсикология бөліміне ауыстырылса, екі жұмысшы түрлі жарақаттар алған.

Айта кетейік, бүгін түнде “Ленин” шахтасында төтенше жағдай болып, 4 жұмысшы көз жұмған еді. Кейін облыс әкімдігі тағы бір кеншінің мәйіті табылғанын мәлімдеген.