«АрселорМиттал Теміртау» компаниясының жұмысы тоқтауы мүмкін

0
604

8 желтоқсанда «АрселорМиттал Теміртау» АҚ металлургиялық зауытының коксхимиялық өндірісінде адам өліміне әкелген апат болды.


«АрселорМиттал Теміртау» компаниясының жұмысы тоқтауы мүмкін

ERNUR.KZ. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев бүгін «АрселорМиттал Теміртауда» болған апатқа қатысты пікір білдірді, деп жазады ҚазАқпарат.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 8 желтоқсанда «АрселорМиттал Теміртау» АҚ металлургиялық зауытының коксхимиялық өндірісінде адам өліміне әкелген апат болды. Апаттан 1982 жылы туған қызметкер көз жұмды.

Осы қайғалы оқиғаға қатысты Қайырбек Өскенбаев көз жұмған жұмысшының отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

«Шынында да «Арселор Миттал Теміртаудың» жұмысы қазақстандықтарды алаңдатып отыр. Бұл жағдай қаза болған жұмысшының жақындарымен қатар, бүкіл қазақстардықтарға да ауыр тиюде. Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет бір емес, бірнеше комиссия құрған. Онда 70-тен аса маман әр министрліктен жұмыс істеп жатыр», - деді министр Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Осы орайда ол комиссиялар жұмысының қорытындысы жақында жарияланатынын айтты.

«Арселор Миттал Теміртау» компаниясының басшыларына қатысты қатал шешімдер қабылданайын деп жатыр. Негізі бұл компания Қазақстанда жұмыс істей ме, істемей ме деген мәселе қаралатын болады», - деді ведомство басшысы.