"АрселорМиттал Теміртау" заңгерінің өлімі: тергеу басталды

0
405

Шахтинск қаласында «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының заңгері Ирина Эмнің пышақ жарақаты салынған денесі өртеніп кеткен пәтерден табылды.


ERNUR.KZ. Қарағанды облысының полиция департаменті "АрселорМиттал Теміртау" заңгері Ирина Эмнің өліміне қатысты ақпарат берді, деп жазады ulysmedia.kz.

Ведомствоның хабарлауынша, ҚР ҚК 99-бабы (Кісі өлтіру) бойынша тергеу жүргізілуде.

"Кінәлі адамды және болған оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. Қажетті сараптамалар тағайындалды", - деп мәлімдеді полиция.

Еске салайық, кеше Шахтинск қаласында «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының заңгері Ирина Эмнің пышақ жарақаты салынған денесі өртеніп кеткен пәтерден табылды.