Қазандық жұмысшысына күйік, сынық және бас жарақаты диагнозы қойылған болатын.
ERNUR.KZ. Жұма Ақмола облысы Аршалы ауылы Тәшенов атындағы №3 мектептің қазандығы жарылған кезде жарақат алған 55 жастағы от жағушы көз жұмды, деп жазады sputnik.kz.
Қазандық жұмысшысына күйік, сынық және бас жарақаты диагнозы қойылған болатын. Дәрігерлер оның жағдайын өте ауыр деп бағалаған еді."Сағат 23:25-те жүрегі тоқтап қалды. 30 минут бойы реанимациялық шаралар жүргізілді, бірақ нәтиже болмады. Сағат 23:55-те жан тапсырды", - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасы.
Кеше сағат 12.18-де Аршалы ауылындағы мектеп аумағында қазандық жарылып, үш адам зардап шекті. Оқушылар мен мұғалімдердің ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Балалар үйден оқиды.