Артық тиелген жүк үшін 40 миллион теңге: ҰҚК Көлік министрлігінің шенеуніктерін ұстады

0
114

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі көлік саласындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жолын кесу жұмыстарының жалғасып жатқанын мәлімдеді.


Артық тиелген жүк үшін 40 миллион теңге: ҰҚК Көлік министрлігінің шенеуніктерін ұстады

Фото: Видеодан скрин

ERNUR.KZ. Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті төрағасының орынбасары мен Ақмола облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы басшысының орынбасары кәсіпкерлерден 40 миллион теңгеден астам ақша алды деген күдікке ілінді, деп жазады stan.kz.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі көлік саласындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жолын кесу жұмыстарының жалғасып жатқанын мәлімдеді.

“Тамыз айында прокуратураның үйлестіруімен Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті төрағасының орынбасары мен Ақмола облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы басшысының орынбасары ұсталды”, – делінген ведомство хабарламасында.

Олар рұқсат етілген салмақ нормасынан асып кеткен жүк тиелген көлік құралдарының кедергісіз өтуін қамтамасыз етуге байланысты заңсыз әрекет жасады деген күдікке ілінді.

Тергеу мәліметінше, күдіктілер кәсіпкерлерден 40 миллион теңгеден астам материалдық сыйақы алған.

Соттың санкциясымен екі күдікті де қамауға алынды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.