Қыздың денесі Медеу ауданында әл-Фараби даңғылынан табылған.
Алматыда арықтан 26 жастағы қыз өлі табылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ. tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл мәліметті қалалық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері растады. Қыздың денесі Медеу ауданында әл-Фараби даңғылынан табылған. ІІД өкілдері өлі табылған қыздың 1992 жылғы екенін анықтады.
"Қыздың денесінде зорлық белгілері жоқ. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Жүрегі тоқтап қалған болуы мүмкін. Өлімінің нақты себебін сот-медициналық сараптама анықтайды", - деп хабарлады Алматы қалалық ІІД ресми өкілі.