Арыстағы мектептер 1 қыркүйекке дайын болады – ҚР БҒМ

0
1 531

Биыл Арыста 2318 бала мектеп табалдырығын аттайды.


Арыстағы мектептер 1 қыркүйекке дайын болады – ҚР БҒМ

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Түркістан облысына барды. Іс-сапар барысында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Премьер-министрге Арыс қаласындағы мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы туралы есеп берді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Сонымен қатар, ол 1-сыныпқа балаларды қабылдау министрліктің ерекше бақылауында екенін атап өтті:

«Биыл Арыста 2318 бала мектеп табалдырығын аттайды, бүлдіршіндер үшін мектеп орны жеткілікті, мұғалімдермен қамтамасыз етіледі».

Оқу жылының басына дейін министрлік әкімдікпен бірлесіп, балаларға оқулықтардың толық жеткізілуін қадағалайтын болады.

Министр білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығы мәселесіне тоқталып, әкімдіктің ақпараты бойынша, барлық білім беру нысандарындағы құрылыс-монтаждау жұмыстары 1 қыркүйекке дейін толығымен аяқталып пайдалануға берілетіндігін атап өтті.

«Жаңа оқу жылының басталғаннан кейін де Арыс қаласы балаларының жағдайы министрліктің үнемі назарында болады»,- деді Асхат Аймағамбетов.