Арыстағы жарылыс: Президент Өкімімен Сәкен Жасұзақов ҚР Қарулы Күштері жүйесінен шығарылды

0
1 851

Үш жоғары әскери лауазымды тұлғаға қатаң сөгіс жарияланды.


Арыстағы жарылыс: Президент Өкімімен Сәкен Жасұзақов ҚР Қарулы Күштері жүйесінен шығарылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Арыстағы жарылысқа жол берген Қазақстанның Қорғаныс министрлігінің бұрынғы басшылығына қатаң сөгіс жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының Өкімімен өзіне жүктелген міндеттерді тиісті деңгейде орындамағаны және қару-жарақ пен оқ-дәрілердің қауіпсіздігін және сақталуын қамтамасыз ету жұмысындағы, Қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сақтау объектілерін көшіру және орналастыру бағдарламасын іске асыру кезіндегі елеулі кемшіліктері, соның салдарынан Арыс қаласында орналасқан әскери бөлімшедегі қару-жарақтың жарылуына және қалада адам шығынына ұшыратқан ауқымды апатқа жол бергені үшін:

1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі болып қызмет атқарған Сәкен Әділханұлы Жасұзақов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері жүйесінен шығарылды.

2. Келесі лауазымды қызметкерлерге:

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші
орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы Мұрат Кәрібайұлы Бектановқа;

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші
орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы болып қызмет атқарған Мұрат Жәлелұлы Майкеевке;

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып қызмет атқарған Талғат Жеңісұлы Жанжүменовке қатаң сөгіс жарияланды.