Арыстанбек Мұхамедиұлы жыл соңына дейін қамауда болады

0
636

Экс-министр осы жылдың мамыр айында қамауға алынған еді.


Арыстанбек Мұхамедиұлы жыл соңына дейін қамауда болады

Бұрынғы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау уақыты тағы бір айға ұзартылды, деп жазады inbusiness.kz.

"2022 жылдың 18 қарашасында Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты белгіленген күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімін бір айға ұзартты", - деп хабарлады Астана сотының баспасөз қызметі.

Осылайша, экс-министр желтоқсанның аяғына дейін қамауда болады. Сот санкциясымен 2022 жылдың 28 мамырында Ұлттық музейдің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы қамауға алынды. Ол бюджет ақшасын жымқырды деген күдікке ілініп отыр.