"Аса ауқатты қазақстандықтар жұмыс тобына кірмейді": Қаржы министрі сән-салтанат салығын енгізу жайлы

0
1 185

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев сән-салтанат салығын енгізуге қатысы пікір білдірді.


ERNUR.KZ. Министр жаңа салық түрін енгізу бойынша жұмыс атқарылып жатқанын айтты, деп жазады stan.kz.

Ерұлан Жамаубаев сән-салтанат салығын енгізуді талқылауға мемлекеттік органдардың, "Атамекен" ҰКП өкілдері мен депутаттар және басқа да сарапшылар шақырылатынын жеткізді. Алайда жұмыс тобына ауқатты қазақстандықтардың ешбірі шақырылмаған.

“Мұнда біз жүздеген отырыс өткіздік. Онда байлардың ешқайсын шақырып, пікірін сұрамады. Себебі, мұнда мемлекеттік органдардың, бизнестің, "Атамекен" ҰКП өкілдері мен депутаттарды және басқа да сарапшыларды шақырып, талқылау жүргіземіз. Ұлттық экономика министрлігі жанында Экономикалық зерттеулер институты бар. Осы ұйымда барлық сұрақ талқыланып жатыр”, – деді министр.

Жамаубаевтың айтуынша. енгізілетін жаңа салық түрі ел азаматтарының бай болуға деген ұмтылысына кедергі келтірмейді.

"Байлық – жаман мотивация емес. Әр адам, әр кәсіпкер бірінші кезекте жағдайын жақсартуға көңіл бөледі және соған күш салады", – деді ол.

Министр аталған салық кейбір мүлік түрлеріне ғана салынатынын жеткізді. Яғни салық кез келген байлыққа салынбайды.

“Орысша "роскошь" термині қазақша аударғанда "сән-салтанат" болады. Біз әуелі соны анықтап алуымыз керек. Бұған дейін Ұлттық экономика министрі де, вице-министр де" біз салық салуды сән-салтанат байлығына қарай қарастырамыз. Құны өте жоғары ұшақтар, яхталар және тағы басқа асыл заттарға қарастырылады" деген болатын. Олардың арнайы тізілімі болады. Тек соларға жоғары салық салынады", – деп түсіндірді министр үкімет кулуарында.

Сондай-ақ қаржы министрі Салық кодексінде байлығын жасырғысы келетін ауқатты қазақстандықтарды анықтау бойынша норма болуы мүмкін екенін жеткізді.

Кез келген кәсіпкер ен байлығын жасырып, қандай да бір схемаларға бармауы керек. Біз мұны қарастырамыз. Қарапайым қазақстандықтар үшін салық жүктемесін көбейтпейміз”, – деді Ерұлан Жамаубаев.