Әсет Исекешев Президент Әкімшілігінің басшысы қызметінен босатылды

0
1 259


Әсет Исекешев Президент Әкімшілігінің басшысы қызметінен босатылды

ERNUR.KZ. Әсет Исекешев Президент Әкімшілігінің басшысы қызметінен босатылды, - деп жазады Tengrinews.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Әсет Өрентайұлы Исекешев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы қызметінен босатылды", - делінген жарлықта.

Әсет Исекешев Президент Әкімшілігінің басшысы қызметін 2018 жылдың 10 қыркүйегінен бастап атқарды. Ол зейнеткерлік жасқа жетуіне байланысты қызметінен босаған Әділбек Жақсыбековтың орнына келген.