Ағымдағы жылы жергілікті атқарушы органдар 408,4 мың гектар жерді өңдеуге 718,3 млн. теңге бөлді. Қолдағы ақпаратқа сәйкес облыстар әкімдіктерінің барлығы бірдей бұл мақсаттарға қаражат көздемеген, мысалы, Қарағанды облысының әкімдігі 15,6 млн. теңге бөлген, бұл 33,7 мың гектар жердің тек 8,3 мың гектарын ғана өңдеуге мүмкіндік береді.
Биыл зиянды және аса қауіпті зиянды организмдер мен карантиндік объектілердің 5,1 млн. гектарға, оның ішінде 1,92 млн. гектарға үйірлі шегіртке тектес зиянкестердің, 2,4 млн. гектарға астық дақылдары ауруларының, 444 мың гектарға саяқ шегіртке тектестердің таралуы болжанған, -деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы «Фитосанитариялық қауіпсіздіктің жай-күйі» мәселесі бойынша селекторлық режимде өтетін Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысына Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Арман Евниев баяндады.
Өсімдіктерді қорғау іс-шараларын жүргізуге республикалық бюджеттен 3,57 млрд. теңге бөлінді.
Үйірлі шегіртке тектестерге қарсы 540 дана бүріккіш техникалары жұмылдырылады. Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстары бойынша аса қауіпті зиянды организмдерге қарсы химиялық өңдеу бойынша жеткізушілер айқындалды, қалған өңірлер бойынша конкурстық рәсімдер жалғасуда.
Жедел жағдайға «Фитосанитария» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының резервтегі техникасы дайындалды.
«Мароккалық шегірткенің жаппай таралуы Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында күтілуде, осы өңірлерде мароккалық шегірткеге қарсы 639,6 мың гектарды:Оңтүстік Қазақстан облысында 340,9 мың гектарды, Жамбыл облысында 298,7 мың гектарды өңдеу жоспарланды.
Облыстар әкімдіктеріне жедел штабтар құруды ұсынамыз»-деген ауылшаруашылығы вице-министрі саяқ шегіртке текстестерге баса назар аудару қажеттігін де атап өтті.
«Ағымдағы жылы жергілікті атқарушы органдар 408,4 мың гектар жерді өңдеуге 718,3 млн. теңге бөлді. Қолдағы ақпаратқа сәйкес облыстар әкімдіктерінің барлығы бірдей бұл мақсаттарға қаражат көздемеген, мысалы, Қарағанды облысының әкімдігі 15,6 млн. теңге бөлген, бұл 33,7 мың гектар жердің тек 8,3 мың гектарын ғана өңдеуге мүмкіндік береді»-деді Евниев.
Қытаймен, Өзбекстанмен және Ресеймен шекаралас аумақтардан үйірлі шегіртке тектестердің ұшып келуінің уақтылы алдын алу мақсатында, Министрлікпен үйірлі шегіртке тектестермен күресу ынтымақтастық туралы келісімдер жасалды. РФ-мен 2018 жылға бірлескен іс-шаралар жоспары келісілді.