"Ashyq" қосымшасына вакциналау туралы ақпарат енгізілуі мүмкін

0
482

​Қазіргі кезде "Ashyq" қосымшасы мен вакциналау төлқұжатын біріктіру мәселесі министрлік деңгейінде талқыланып жатыр.


ERNUR.KZ. "Ashyq" қосымшасы мен вакциналау төлқұжатын біріктіру мәселесі қаралып жатыр. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Қуанышбек Мұқашев айтты, деп жазады Sputnik Қазақстан.

"Қазіргі кезде бұл мәселе министрлік деңгейінде талқыланып жатыр. Жоспар бар деуге болады. Бірақ дәл қазір екі жүйені біріктіру мәселесі талқылануда", - деді Мұқашев әкімдікте өткен онлайн брифингте.

Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова да "Ashyk" қосымшасын вакциналау төлқұжатымен біріктіру мәселесінің талқыланып жатқанын растады.

Айта кетейік, "Ashyk" қосымшасын кез келген адам жүктей алады. Ал кәсіпкерлік нысанға кіргенде QR-кодты сканерлеп, коронавирус жұқтырмағанын немесе науқаспен байланыста болмағанын көрсету керек. Осыған байланысты қосымшада қызыл, сары, көк және жасыл түстер бар. "Қызылдар" – үйде емделетін адамдар. Олар қатаң карантинде отыруы тиіс. Ал "сарылар" үшін жарым-жартылай шектеулер бар. Осы санатқа кіретіндер ПТР-тестің ақпараттық базасында науқаспен байланыста болған адам ретінде белгіленіп отыр. Оларға тек азық-түлік пен шаруашылық дүкендерге, сондай-ақ, дәріханаларға ғана баруға болады. Соның өзінде үйден 500 метрге шалғай жерге шығуға тыйым салынған.

"Көктер" ПТР-тесті талап ететін жерден басқа кез келген орындарға кіре алады. Ал "жасылдар" – ПТР тест тапсырғандар. Олар үшін ешқандай шектеу жоқ.