Бүгін Минск қаласында Еуразиялық экономикалық одақ үкіметаралық кеңесінің отырысы өтіп жатқаны хабарланып отыр.
ERNUR.KZ. Қазақстанның премьер-министрі Еуразиялық экономикалық одақ үкіметаралық кеңесінің отырысына қатысу үшін Минск қаласына барды, деп жазады sputniknews.kz.
Видеоны Belta ақпарат агенттігі жариялады.
17 шілдеде Минскіде Еуразиялық үкіметаралық кеңес өтеді. Саммит COVID-19 пандемиясы басталғалы бірінші болады.
Отырысқа Ресей, Қазақстан, Армения, Беларусь пен Қырғызстанның премьер-министрлері, сондай-ақ ЕАЭО-да бақылаушы мәртебесіндегі Молдова премьер-министрі қатысады.
Үкімет басшылары сауда, ішкі нарық, бәсекелестік және өнеркәсіп мәселелерін талқылайды.
Сондай-ақ күн тәртібінде ЕАЭО елдерінде коронавирустың таралуын болдырмау үшін денсаулық сақтау саласындағы шаралар жоспары бар.
Премьер-министрлер жерді қашықтан зондтау негізінде ғарыштық және геоақпараттық қызметтерді ұсыну саласындағы елдер арасындағы ынтымақтастықтың мемлекетаралық бағдарламасының жобасын қарастырады.
Саммитте ЕАЭО агроөнеркәсіп кешенін дамыту және одақты индустрияландыру мәселелері талқыланады.