Асқар Маминнің жаңа қызметке ұсынылғаны рас па?

0
494

Ұлттық Олимпиада комитеті өкілі бұл мәселеден хабары жоқ екенін айтты.


Асқар Маминнің жаңа қызметке ұсынылғаны рас па?

ERNUR.KZ. БАҚ беттерінде экс-премьер министр Асқар Маминнің Ұлттық Олимпиада комитеті президентінің қысқы спорт түрлері жөніндегі орынбасары болатыны жазылып жатыр. ҰОК Спорт департаментінің директоры Елсияр Қанағатов осы ақпарат туралы пікір білдірді, деп жазады inbusiness.kz.

"Асқар Маминнің кандидатурасын ҰОК вице-президентігіне кім ұсынып жүр? Әлде, өз-өзін ұсынды ма?" - деп сұрады журналистер.

Алайда ҰОК өкілі бұл мәселеден хабары жоқ екенін айтты.

"Мен де білмеймін. Ол ақпаратты, айтып отырмын ғой, ассамблея өткізу бойынша ұйымдастыру мәселелерімен айналысып жатқан азаматтар бар. Мен қазір штабта жұмыс істеп жатырмын", - деді Елсияр Қанағатов.