Әскерде жүрген 1500 сарбаз жеңілдікпен оқуға түсті

0
871

Жауынгерлік даярлық, жеке тәртіп, арнайы міндеттерді толық орындау, үміткердің психологиялық деңгейі. Сарбаздарды жоғары оқу орнына іріктеуде қойылатын басты талаптар осы.


Әскерде жүрген 1500 сарбаз жеңілдікпен оқуға түсті

ERNUR.KZ. Әскерде жүрген 1500 сарбаз жеңілдікпен оқуға түсті. Енді олар жоғары оқу орындарында тегін білім алады. Мұндай мүмкіндік жауынгерлік қабілеті мықты сарбаздарға берілді. Олардың барлығы былтыр күзде ғана әскерге шақыртылған, деп жазады zakon.kz.

Жауынгерлік даярлық, жеке тәртіп, арнайы міндеттерді толық орындау, үміткердің психологиялық деңгейі. Сарбаздарды жоғары оқу орнына іріктеуде қойылатын басты талаптар осы.

Ал бұл 1500 сарбазды іріктеген арнайы комиссия мүшелері. Оның құрамында Қарулы Күштердің басшылығынан бөлек, Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі, Ұлттық ұланның және Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері бар.

"1500 сарбаздың барлығының жауынгерлік дайындықтағы көрсеткіштері жоғары. Оларға жоғары оқу орындарына Ұлттық бірыңғай тест тапсырмай, ақысыз түсу құқығы беріледі", - дейді Айгүл Төлембаева, ҚР Қорғаныс министрінің кеңесшісі.

Былтыр қазан айында Қорғаныс министрілігі еліміздегі 70-ке жуық жоғары оқу орынымен келісім шартқа қол қойды. Білім мекемелері 3 мың грантты бөлген. Оның жартысы көктемде үлестірілген.

"Бүгінгі күні сол іріктеудің екінші кезеңі өтті. 1500 сарбаз іріктеуден өтіп, сертификатын алатын болады. Бұл бағдарламаны Мемлекет басшысы қолдап, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша келесі жылы мемлекет тарапынан грант берілетін болды", - дейді Ербол Құмарбекұлы, ҚР Қорғаныс министрлігі аппаратының басшысы.

Жоғары оқу орындарына түсу үшін берілген сертификаттарды байқау жеңімпаздары "Срочники 2.0" платформасынан ала алады.