Әскердегі сарбаздар енді азық-түлікке онлайн тапсырыс бере алады

0
144

Тапсырыстар әскери бөлімдердің аумағына дейін жеткізіледі.


Әскердегі сарбаздар енді азық-түлікке онлайн тапсырыс бере алады

ERNUR.KZ. Voenmart арқылы әскери қызметшілер арнайы терминалдар мен планшеттердің көмегімен азық-түлік пен күнделікті қажетті тауарларға тапсырыс бере алады. Ассортиментте тағам өнімдерімен қатар дайын ас, бәліштер және фастфуд түрлері де қарастырылған, деп жазады baq.kz.

Қазақстанда мерзімді әскери қызметшілерге арналған Voenmart сервисі пилоттық режимде іске қосылды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жаңа жоба сарбаздардың тұрмыстық жағдайын жақсартуға бағытталған. Қазіргі уақытта сервис Алматы облысы мен Астана қаласындағы бірқатар әскери бөлімдерде, сондай-ақ Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледжде сынақтан өткізілуде.

Voenmart арқылы әскери қызметшілер арнайы терминалдар мен планшеттердің көмегімен азық-түлік пен күнделікті қажетті тауарларға тапсырыс бере алады. Ассортиментте тағам өнімдерімен қатар дайын ас, бәліштер және фастфуд түрлері де қарастырылған.

Тапсырыстар әскери бөлімдердің аумағына дейін жеткізіледі. Жеткізу қызметі тегін, сарбаздар тек тапсырыс берген тауардың құнын ғана төлейді.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, жоба әзірге тестілік кезеңде жүзеге асырылып жатыр. Оның тиімділігі бағаланғаннан кейін сервисті еліміздің өзге де әскери бөлімдеріне енгізу мәселесі қаралады.