Әскери бөлімшелер жаппай ЖИ бар бейнебақылау жүйесімен қамтылмақ

0
137

Құзырлы орган бұл жұмыстарды келесі жылдың басына дейін аяқтауды жоспарлап отыр.


Әскери бөлімшелер жаппай ЖИ бар бейнебақылау жүйесімен қамтылмақ

Фото: tenginews.kz

ERNUR.KZ. Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары Асқар Мұстабеков елдегі әскери бөлімшелерді ЖИ бейнебақылау жүйесімен қамту туралы пікір білдірді, деп жазады inbusiness.kz.

"Қазір қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі кешенді жоспар жүзеге асырылып жатыр. Осы жылдың соңына дейін және келесі жылы барлық казармалар жасанды интеллекті бар бейнебақылау жүйелерімен толықтай қамтылады. Жүйе жағдайға талдау жүргізетін болады", – деді Асқар Мұстабеков Мәжіліс кулуарында.

Журналистер спикерден балалары әскерде борышын өтеді ме деп сұрады.

"Бір ұлым қазір шекара қызметінде жүр. Ол кейін келісімшарт негізінде әскери қызметте қалмақ. Бұл – өзінің таңдауы", – деп атап өтті Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары.