Әр гранттың мөлшері 400 мың теңгені құрайды.
ERNUR.KZ. Қазақстанда жастар арасында ұлттық басымдықтарды ілгерілету мен патриоттық тәрбиені насихаттауға бағытталған жоба іске аса бастады, деп жазады ҚазАқпарат.
«Алматы Студенттер Альянсы» ҚҚ директоры Жасұлан Қуандықтың айтуынша, биыл жоба аясында әскери-патриоттық тәрбиені ілгерілетуге бағытталған бастамаларға гранттық қаражат бөлінеді.
«Мұндай жобаны жүзеге асыруда біздің бірнеше жылдық тәжірибеміз бар. Алайда, бұрын бірқатар бастамаларға гранттық қаражат бөлу қарастырылмаған еді. Биыл алғаш рет әскери-патриоттық клубтар мен ұйымдар арасында біз 10 шағын грантты ойнататын боламыз. Әр гранттың мөлшері 400 мың теңгені құрайды. Осылайша, жобаға неғұрлым көп жас қазақстандықтарды тартуға тырысамыз. Олар бізге ақпараттық қолдауды кеңейтуге көмектеседі», - дейді Жасұлан Қуандық.
Айта кетейік, «Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу жөніндегі шаралар кешенін іске асыру» жобасы аясында белсенділер әскери-патриоттық клубтар мен басқа да бірлестіктерге тартылған жастардың үлесін жыл соңына дейін кемінде 20 %-ға арттыруды жоспарлап отыр.