Әскери парадта Рақымжан Қошқарбаев тіккен тудың көшірмесі алаңға шығарылды

0
219

Оны Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің ту ұстаушылары алып шықты.


Әскери парадта Рақымжан Қошқарбаев тіккен тудың көшірмесі алаңға шығарылды

ERNUR.KZ. Бүгін Астанада Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған кең ауқымды әскери парад өтіп жатыр. Салтанатты шара барысында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің ту ұстаушылары алаңға Мемлекеттік Ту мен Жеңіс Туының көшірмесін алып шықты, деп жазады Azattyq Rýhy.

Алаңға шығарылған Қызыл Жеңіс Туы – 80 жыл бұрын Рейхстагқа тіккен атақты қазақ жауынгері Рақымжан Қошқарбаев пен оның қарулас серігі Григорий Булатов көтерген Тудың дәл көшірмесі.

«Ұлы Отан соғысы жылдарында қазақстандық сарбаздар ең қанды шайқастардың алдыңғы шебінде ерлік көрсетті. Солардың бірі – 1945 жылдың 30 сәуірінде Берлиндегі Рейхстагқа Жеңіс Туын алғашқылардың бірі болып тіккен Рахымжан Қошқарбаев болатын. Бұл өшпес ерлігі үшін ол «Қызыл Ту» орденімен марапатталды. 1999 жылы 7 мамырда оған «Халық қаһарманы» атағы берілді», – делінген Ақорда таратқан мәлімдемеде.

Айта кетейік, парадқа 4 мыңнан астам әскери қызметші, 200-ден астам әскери техника, 66 ұшақ пен тікұшақ қатысуда. Жауынгерлік, армиялық және әскери-көліктік авиация ұшып өтеді.