Әскерилер жоғалып кеткен екі баланы ата-анасына қайтарды 

0
780

Балалар ата-аналарының ұйықтап жатқанын айтқан.


Әскерилер жоғалып кеткен екі баланы ата-анасына қайтарды 

ERNUR.KZ. Оқиға 26 желтоқсан күні Қостанай қаласында болған, деп жазады baq.kz.

Ұлттық Ұланның 6697 әскери бөлімінің әскери қызметшілері қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша қызметі барысында екі 4 жасар баланы байқап қалады.

Әскери наряд бастығы кіші сержант Жандос Қалиев қатардағы Станислав Булычевпен және Артем Зинченкомен бірге сағат 21.00 шамасында балалар алаңында кәмелетке толмаған екі баланы байқап қалады. Балалардың қасында үлкендер болмаған, ал "ата-аналарың қайда?" деген сұраққа олар ұйықтап жатыр деп жауап берді, - делінген хабарламада.

Тергеу-жедел тобы балаларды ата-анасы алып кету үшін Қостанай қаласының Оңтүстік полиция бөлімшесіне жеткізген.