Асхат Аймағамбетов колледж студенттеріне қатысты жағымды жаңалық жариялады

0
260


Асхат Аймағамбетов колледж студенттеріне қатысты жағымды жаңалық жариялады
ашық дереккөз

ERNUR.KZ. Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов енді колледждердің студенттері қосымша табыс таба алатынын айтты, деп жазады Ulysmedia.kz.

ДЕПУТАТ НЕ АЙТТЫ?

Колледждеріміз, жалпы білім беру жүйесі үшін тамаша жаңалық бар.

Біз тағы бір қисынсыз бюрократиялық кедергіні жойдық. Кәсіпкерлік кодекске енгізген авторлық түзетуіміз ресми түрде қабылданды.

Мәселе неде еді?

Болашақ наубайшыларды, тігіншілерді, ұсталарды немесе дәнекерлеушілерді даярлайтын колледжді көз алдыңызға елестетіңізші. Өндірістік практика кезінде студенттер нан пісіреді, киім тігеді, жиһаз жасайды. Колледж материалдардың шығынын жабу және студенттерге нарықпен жұмыс істеудің шынайы тәжірибесін беру үшін осы өнімдерді сата алса, логикаға сай болар еді ғой.

Біз кезінде Үкіметте жұмыс істеп жүргенде «Білім туралы» заңға өзгерістер енгізіп, оларға осындай құқық берілуіне қол жеткізген болатынбыз.

Бірақ өңірлердегі монополияға қарсы органдар бұл норманы әртүрлі түсінді:

«Нан немесе жиһаз нарығында бәсекелестік жоғары, сіздерге ол жаққа кіруге болмайды», - деп жиі бас тартатын. Осылайша тығырыққа тірейтін жағдай туындады: мамандыққа баулуға болады, ал студенттердің практикада өз қолымен жасаған еңбегінің нәтижесін сатуға болмайды.

Енді біздің түзетуіміздің арқасында білім беру ұйымдары осы бір қатаң талаптан алып тасталды.

ЕНДІ?

Енді:

1. Колледждер студенттердің қолынан шыққан нан-тоқаш, тоқыма, ағаш және басқа да бұйымдарды ешқандай қағазбастылықсыз, заңды түрде сата алады.

2. Оқу орындары өз мұқтаждықтарына және келесі практикаларға қажетті шикізат сатып алуға қосымша қаражат табу мүмкіндігіне ие болады.