Асхат Аймағамбетов медициналық қызметтер тарифін өсіруді ұсынды

0
852

Өткен жылы ғана инфляция 20%-дан асты. Биыл да осы үрдіс сақталып отыр.


Асхат Аймағамбетов медициналық қызметтер тарифін өсіруді ұсынды

ERNUR.KZ. Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов медициналық қызметтер тарифін өсіруді ұсынды, деп baq.kz.

Медициналық қызметтерге арналған тарифтер мəселесі жүйелі түрде шешілмейді. Бүгінде коммуналдық қызметтер, жанар-жағар май, дəрі-дəрмек, азық-түлік бағасы өсіп жатыр. Мұның бəрі медициналық ұйымдардың шығындарына да үлкен əсер ететіні сөзсіз. Ал тариф болса, инфляцияны ескермейді. Неге? – деді ол.

Өткен жылы ғана инфляция 20%-дан асты. Биыл да осы үрдіс сақталып отыр.

Тариф аз болғаннан кейін, қаражат жеткіліксіз болғанда аурухананың бас дəрігері не істейді? Ол міндетті төлемдерді өтеуге керек қаражатты, мысалы, жалақы есебінен, коммуналдық төлемдерді, науқастардың тамағын бірінші кезекте бөледі. Бұның бəрі қазіргі уақытта көп мекемеде бюджетінің 90-95 пайызына жетті. Ал қалған өте маңызды шығындарды дәрілер мен нақты емдеу шаралары қысқартып тастайды. Осының салдарынан тағы да қарапайым азаматтар зардап шегеді, - деп атап өтті Мәжіліс депутаты Үкімет сағатында.

Аймағамбетовтің айтуына қарағанда, тарифтердің өспеуіне байланысты, кейбір ұйымдар медициналық қызметкері жеткіліксіз болса да штаттарын қысқартып, кейбіреуі дəрі-дəрімектерді сатып алуды азайтып, енді біреулері қызмет көрсетушілердің жұмысына ақы төлеуді тоқтатып жатыр.

Осыған байланысты депутат тарифтерді жыл сайынғы индекстеу туралы талапты заңнамалық деңгейде бекітуді ұсынды.

Сондай-ақ коммуналдық қызметтерге арналған шығындарды тарифтен бөлек шығару ұсынылады, өйткені əрбір өңірдің өзіндік климаттық ерекшеліктері бар, бағалары да əртүрлі. Бұған қоса балалар ауруханаларының да жағдайы өте мүшкіл. Балаларға арналған тариф, ересектерге арналған тарифтен еселеп аз. Сондықтан бірінші кезекте балалар ауруханаларының тарифтерін шұғыл өсіру керек, - деп түсіндірді Асхат Аймағамбетов.

Еске сала кетейік, осыған депутат шағым көп екенін және науқастар терапевтті күтумен уақыт өткізетінін айтқан еді.