Астанада үшінші ЖЭО және газ қазандықтарының құрылысы жүріп жатыр

0
427

​Қайсыбір елдің астанасы болмасын, ол – бүтін бір мемлекеттің жағдайын көрсетіп, қоғамын бейнелейтін басты қала. Бүткіл бүтін елдің қантамырына қан жүргізіп, халқына жылу сыйлап тұратын жұдырықтай жүрек іспетті.


Астанада үшінші ЖЭО және газ қазандықтарының құрылысы жүріп жатыр

Қайсыбір елдің астанасы болмасын, ол – бүтін бір мемлекеттің жағдайын көрсетіп, қоғамын бейнелейтін басты қала. Бүткіл бүтін елдің қантамырына қан жүргізіп, халқына жылу сыйлап тұратын жұдырықтай жүрек іспетті.

Қазақстанның бас қаласы – Астана бүгінде еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси жетістіктерінің бейнесі, жұртымыздың ынтымақ-бірлігінің символына айналғаны әлем елдеріне белгілі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтыңтапсырмасына сәйкес қаланың үдемелі дамуы қамтамасыз етіліп отыр. Еліміздің әр өңірінен немесе шетелдерден келген қонақ болмасын, алатын алғашқы әсері де әдемі болмақ керек. Елорданың күннен күнге дамып, тұрғылықты халқының саны да айлап, жылдап артып жатқанын көргенде жергілікті атқарушы биліктің де тер төге еңбектеніп жатқаны байқалады.

Себебі де сол, әлеуметтік нысандар саны артып, тұрғындардың күнделікті сұраныстары мен қажеттіліктері ескеріле келе елорда жан-жақты дамуда. Осы ретте Астана қаласы әкімдігінің баспасөз орталығынан елордада қала тұрғындары үшін қандай жайлы жағдай жасалып жатқандығы, күн тәртібінде тұрған кезек күттірмейтін шаруалар жайын сұраған болатынбыз.

Қалада халық санының жыл сайынғы өсуін ескере отырып, келесідей жүйелі мәселелерді шешу міндеттері тұрғанын алға тартты тиістілер. Ол әлбетте:

1. Жылу және сумен жабдықтау;

2. Жолдар, көпірлер;

3. Әлеуметтік инфрақұрылым – бұл дегеніміз тұрғын үй, мектептер мен әлеуметтік нысандардың құрылысы.

Сонымен қатар, Астана қаласының бүгіні мен ертеңіне құрылған жоспары туралы да баспасөз орталығы толықтай ақпарат ұсынды.


Астанада үшінші ЖЭО және газ қазандықтарының құрылысы жүріп жатыр

Астана қаласының табиғатына орай мұнда жылыту жүйесінің маңызды рөл ойнайтыны да белгілі. Сол себепті де ең алдымен тұрғылықты халықтың жағдайы басты назарға алынып, Елордада үшінші жылу электр орталығының құрылысы бүгінде қарқынды жұргізілуде.

Алдыңғы 2020-2021 жылдарға жасалған жобаға жобаға түзету енгізілді. Бастапқыда орталық тек көмірге және оған балама отын көздеріне есептелген болатын. Қазіргі таңда газға қосу қарастырған. Бірінші және екінші жылу энергия орталығының қуаты тұтынудың дәл қазіргі уақыттағы деңгейін 2,5 мың Гкал/сағ қамтамасыз етсе, салынып жатқан үшінші орталықтың бірінші кезегін салу аталған қуат көрсеткішін 400 Гкал/сағ дейін арттыруға мүмкіндік бергелі отыр. Бұл дегеніміз, яғни 6 миллион шаршы метр тұрғын үйді қамтамасыз етеді деген сөз.

Сонымен қатар, елордада газ қазандықтарын жобалау жұмыстары да басталды. Бұл жаңадан салынып жатқан құрылыс аудандарын жылумен қамтамасыз етуге зор мүмкіндік береді деген сенім артылған орасан жұмыс.


Астана қаласы газбен қамтамасыз етіледі

Қаланы газдандыру қала экологиясына да, қала тұрғындарының өмір сүру сапасына да жағымды әсер етеді.

Бүгінде елордада жүйелі жүргізіліп жатқан газ тарату желілерінің құрылысы үш кезеңге бөлінген.

2021 жылы газдандырудың 1-ші кезегінің, сондай-ақ ішінара 2-ші кезегінің құрылысы аяқталған болатын. Ендігі жерде 2 және 3-ші кезектің қалған бөлігі бойынша 2023 жылдың соңына дейін жеткізуші магистральдық желі құрылысы аяқталады.

Бүгінгі күні «Алматы» және «Сарыарқа» аудандары (Көктал-1, Көктал-2, Агрогородок, Железнодорожный, Промышленный, Оңтүстік-Шығыс, Күйгенжар, Мичурино, Интернациональный, Потанин көшесі ауданындағы қаланың ескі бөлігі) газбен қамтамасыз етіліп, 680 км газбен жабдықтау желілерінің құрылысы аяқталып отыр.

Қазіргі таңда 14 мың абонент газға қосылуға мүмкіндік алып,5 мыңнан астам үй қосылған. Сонымен қатар бүгінде қала бойынша 6 мыңнан астам техникалық шарт беріліп, 50 мыңнан астам адамға кеңес берілді. Аталған бағытта жұмыстар жүйелу қызу жұмыс жалғасуда.

Газ жүйесін тартуға байланысты тағы бір айта кетерлік оңды іс - 1 және 2-ші жылу электр орталықтарының 13 қазандығы (ЖЭО-1 жеті қазандық, ЖЭО-2 алты қазандық) газға ауыстырылды. Бұл да елорданың экологиялық жағдайын жақсартуға үлкен үлесін қосатын игі шаруа болапы отыр. Биылғы жылы ЖЭО-1-де тағы 3 энергетикалық қазандық газға көшіріледі. Қазіргі таңда үш газ қазандығының құрылысы қатар жүріп жатыр. Газ қазандықтарының қуаты салынып жатқан үшінші жылу электр орталығының қуатынан 3 еседен де асып түседі. Тиісінше қазіргі тапшылықтың орнын толтыруға да, құрылыс жұмыстары жүретін жаңа аудандарды жылумен қамтуға да мүмкіндік береді.

Газ қазандықтарын 2023 жылдан бастап кезең-кезеңмен іске қосу жоспарланып отыр. Газ қазандықтары жаңа теміржол вокзалының аумағында, Қорғалжын тас жолының бойында және Тельман елді мекенінде орналасқан.

Осылайша, «Оңтүстік-Шығыс» қазандығы «Мыңжылдық» ауданын, жаңа теміржол вокзалы аумағын, құрылыс жұмысы қарқынды жүріп жатқан аудандарды және т.б. жылумен қамтамасыз етпек. Ал «Тельман» қазандығы «Бағыстан» ТК, Ұлы Дала даңғылы, «Тельман» елді мекені аумағын қамтиды. Өз кезегінде үшінші – «Тұран» газ қазандығы Қорғалжын тас жолы, Тұран даңғылы бойындағы және т.б. құрылысы қарқынды жүріп жатқан аудандарды жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

14 әлеуметтік нысанды газға қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ, «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, №19, 57 мектептер мен «Мейіржан», «Аққанат», «Қарақат» балабақшалары және төрт көппәтерлі тұрғын үй газға қосылды.

Одан бөлек, «Байқоңыр» және «Есіл» аудандарында газ құбырын салу жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылы «Тұран», «Тельман» аудандық қазандықтарына және «Ильинка», «Тельман», «Пригородный», «Family Village», «Өндіріс» тұрғын алаптарына газ жеткізу желілерінің құрылысы басталды.

Одан бөлек, тұрғындарға газға көшуге көмектесу үшін елорда әкімдігі мынадай шараларды қабылдады:

1. Қосылу үшін құжаттар тізімі қысқартылды;

2. Тегін газды есептеу құралдары беріледі;

3. Халықтың әлеуметтік осал топтарына 430 мың теңге көлемінде ақшалай өтемақы көрсетілуде;

4. Үйді газдандыруға банктер арқылы 1,5 жылға 750 мың теңгеге дейін бөліп төлеу және пайызсыз кредит беру қарастырылып отыр.

Осылайша қала тұрғындарының жағдайын жақсарту үшін игі істер атқарылып, оңды нәтижелер күтілуде.


Астана тұрғындарын сапалы ауызсумен қамту жұмыстары атқарылуда

Үздіксіз жасалып отыратын зерттеп-бағамдау жұмыртаның нітижесі бойынша елорда тұрғындары жылына 105 млн. текше метр ауыз су пайдаланады екен.

Ал қаланың өңдеп-тазалап өндіретін су көлемінің шектік көрсеткіші, бар болғаны жылына орта есеппен 110 млн. текше метр болып отыр.

Сол себепті биыл Интернациональный кентінде, жылына 38 млн текше метр суды өңдеп-тазалайтын насосты-фильтрлі станцияның құрылысын басталды.

Жобаның құрылысы күн санап артып келе жатқан ауыз су тапшылығын жойып, бүгінгі су құбырлардағы қысымды қалыпқа келтіріп, сол жағалаудағы ауыз су мәселесін толық ретке келтіруге мүмкіндік береді.

Болжам бойынша 2030 жылы елордада 2 млиллионға жуық халық тұратын болады, сол себепті қазірден бастап ауыз су қажеттілігіне баса назар аударылуда.

Ұзақ мерзімді перспективада Ертіс-Қарағанды су каналынан құбыр тартуды да қарастырылуып отырған жайы бар. Ол өз уақытында жылына тағы да 210 млн. текше метр ауыз суды өңдеп-тазалап пайдалануға беруге мүмкіндік бермек.


Елордада 120 мың оқушыға арналған бірнеше мектеп салынады


Қаланың тұрғын саны көбейген сайын балабақша мен мектеп қажеттілігі артатыны белгілі. Елордада да мектеп жасындағы балалардың саны жыл санап артып келеді. Соңғы он жылда қала мектептеріндегі оқушылардың саны 3 есеге көбейген.

Мәселен, осы жылдың мамыр айында 8,5 мыңға жуық бала мектеп бітірген болса, қыркүйекте 25 мыңнан аса бала алғаш рет 1 сыныпқа барды. Сол себепті сұранысқа сәйкес мектеп құрылысын арттыруға баса назар аударылып отыр.

Бүгінде елордада мектеп салу үшін 72 жер телімі белгіленген. Бұл жер учаскелерінің аумағы 120 мың оқушы орнына (екі ауысымда 240 мың оқушы орны) арналған оқу орындарын салуға мүмкіндік береді.

Әлбетте, аталмыш жер учаскелері әлеуметтік нысандарға деген қажеттілікті ескере отырып анықталды. Ол қаланың барлық ауданында орналасқан. Әлеуметтік нысандарды салуға арналған жер учаскелерінің саны жыл сайын артатын болады. Әрбір ауданда (шағын аудандарда) оқу орындары болуы үшін егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына арнайы бағыт бекітілген.

Мәселен, елордада биыл жыл соңына дейін 11 мектеп салынып, пайдалануға беріледі. Атап айтар болсақ, Есіл ауданында – 6 мектеп, Алматы ауданында – 4 мектеп, Сарыарқа ауданында – тағы 1 мектеп, Байқоңыр ауданында – 1 мектеп (ол 2023 жылы тапсырылады). Аталған білім ордалары арқылы 23 мыңнан астам оқушыға арналған орын ашылады.

Алдағы 2023 жылы тағы 13 мектеп салынып, пайдалануға беруді жоспарда тұр. Осылайша Есіл ауданында – тағы 8 мектеп (ауданда тұрғындар тығыз орналасқанын ескере отырып алынған), Алматы ауданында – 4 мектеп, Байқоңыр ауданында – 1 мектеп салынып, тағы 22 мыңға жуық оқушы орны ашылады. Сол сияқты мектеп санын арттыру, оның ішінде жеке қаражат есебінен де көбейту мәселесі күн тәртібінде тұр.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бұған дейін елордада 3 жыл ішінде 34 мектеп салынды. Бұл 70 мың оқушы орнын ашуға мүмкіндік берді.



Аулалар мен қоғамдық орындар қала тұрғындарына қолайлы болуы тиіс

Қайсыбір атқарылған жұмыстар, жаңа нысандар болмасын, ең бірінші қала тұрғындары мен қонақтары жайлы болуы тиістігін Астана қаласының әкімдігі бірінші орынға қояды. Әсіресе күнделікті қолданыстағы аулалар мен қоғамдық орындарды абаттандыру бойынша елордада ауқымды жұмыс жүріп жатқанын да айта кету керек.

Мәселен биылғы жылы Бараев көшесінде жаяу жүргіншілер жолы, Бейбітшілік және келісім сарайының жанында амфитеатр, қараусыз қалған Жерұйық-2 саябағындағы Достық гүлзары (ҚХА мүшелерімен бірге), Мұғалімдер саябағы ашылды. Сол сияқты қалалық алаң, оң жағалауда баршаға белгілі «Встреча» ауданы және т.б. абаттандырылды.

Қоғамдық кеңістіктер елорданың көркін арттырып, қала тұрғындары мен қонақтары үшін тартымды орынға айналды. Абаттандыру жұмысы барлық ауданда, оның ішінде елді мекендерде де жүріп жатыр.

Елді мекендердің өзінде соңғы жылдары 311 аула мен қоғамдық кеңістік (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар) абаттандырылды. Осылайша Астана қаласында бас-аяғы 750-ден аса аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылды.

Осыған дейін көпір астындағы кеңістіктер абаттандырылып, құтқарушылардың, медицина қызметкерлерінің құрметіне арналған арнайы тақырыптық алаңдар, көше спортының колизейі, «Театральный» бульвары, «Demalys Promenade» демалыс күні көшесі және т.б. ашылған болатын. Олардың бәрі қала тұрғындары мен қонақтарының уақытын тиімді өткізуіне, жаяу жүруіне арналған.

Қоғамдық кеңістіктер мен аулаларда қала тұрғындары мен қонақтары үшін жайлы жағдай барынша жасалған. Мәселен, мұндай орныдарда әркім жанына жақын іспен айналыса алады. Атап айтқанда, баскетбол/футбол алаңдары, workout аймағы, демалысты тыныш орында өткізуге арналған орындар, балаларға арналған алаңдар, әткеншектер, шығармашылық қойылымдарға арналған сахналар және т.б. орналасқан.


Жол мәселесі – басты назарда


Қала халқының көбеюіне байланысты шешуді талап ететін тағы бір мәселе ол - жолдар.

Мысалы, Астана қаласында 2019 жылы 40 көше, 2020 жылы 174 көше жөндеуден өткенболса, 2021 және 2022 жылдары – 225-тен астам көше, яғни, үш жыл ішінде 400-ден астам көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілген. Оның 250-і тұрғын алаптарда.

2022 жылы 120-дан астам көшені жөндеу жоспарланған болса, оның жартысы елорданың тұрғын үй алаптарында (26,4 км). Жол жұмыстарының басым бөлігі аяқталып, ағымдағы жылдың қазан айының соңына дейін қалған 27 көшеде орташа жөндеу жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, биыл жаңа көпірдің құрылысы аяқталып, тамыз айында ол бойынша қозғалыс ашылды. Көпір Мәңгілік Ел даңғылы, А. Байтұрсынов, Р.Қошқарбаев, Ж. Нәжімеденов, Nova city ауданы, «Мыңжылдық» аллеясын ішінара жеңілдетуге, «Нұрлы жол» жаңа вокзалының, Тельман және Промышленный тұрғыналаптарын, МЕТРО гипермаркеті ауданының, Жұмабаев даңғылы, Жүргенов көшесі және т. б. қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

* * *

Айта кетейік, 2021 жылдың 12 қазанында Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен ел тұрғындары үшін қолайлы өмір сүру ортасын құруға негізделген «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы бекітілген болатын. Сол базалық көрсетілетін қызметтерге тең қол жеткізу және көлік байланысын қамтамасыз ету атты екі бағыттан тұратын жобаның алғашқы бағыты бойынша ел азаматтарын тұрғын үймен қамту, коммуналдық секторды, жалпы инфрақұрылымды дамыту жұмыстары атқарылатын болып жоспарланған.

Тиісінше, бұл аталған жоба бойынша елордада жүйелі де жоспарлы түрде атқарылып жатқан шаруа көп. Сондай-ақ алдағы уақытта да оңды істер жалғасын таппақ.

ERNUR.KZ