"Астана - Щучинск" автожолында жүк көлігі төлем пунктіне соқтығысты

0
126

Болжам бойынша жүргізуші көлік тізгінінде мас күйінде болған.


фото: ҚазАвтоЖол

ERNUR.KZ. Республикалық маңызы бар "Астана - Щучинск" автожолының 18 шақырымында жүк көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды, деп жазады sputnik.kz.
Алдын ала мәліметтер бойынша, жүк көлігінің жүргізушісі "Астана" төлем пунктіне жақындаған кезде көлікті басқара алмай, шлагбаумға соқтығысып, пункттің конструкциясына механикалық зақым келтірген.
"Болжам бойынша жүргізуші көлік тізгінінде мас күйінде болған. Жинақталған барлық материалдар құқық қорғау органдарына жолданды", - деп жазды ҚазАвтоЖол.
ҚазАвтоЖол жүргізушілерге жолда жүру кезінде немқұрайлылық танытпауды сұрайды.