Астана әкімдігі талапкерлерге 900-ге жуық грант бөлді

0
638

Құжаттар 2024 жылдың 5 тамызынан 10 тамызына дейін қабылданады.


Астана әкімдігі талапкерлерге 900-ге жуық грант бөлді

ERNUR.KZ. Астана әкімдігі елордалық жоғары оқу орындарына 900-ге жуық білім грантын бөлді, деп жазады sputnik.kz.

Астана қаласының жергілікті білім беру ұйымдарына мемлекеттік білім беру грантын тағайындау конкурсына жоғары оқу орындарының талапкерлерден құжаттарды қабылдау басталды.
Құжаттар 2024 жылдың 5 тамызынан 10 тамызына дейін қабылданады.

Астана әкімдігінің білім беру гранты еліміздегі сегіз жоғарғы оқу орнына өтінім беріліп қаралды.
1) "Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" КЕАҚ;
2) "Астана халықаралық университеті" ЖШС;
3) "А. Құсайынов алтындағы Еуразия гуманитарлық институты" ЖБМ;
4) "Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы" ЖШС;
5) "Ә. Марғұлан ат. Павлодар педагогикалық университеті" КЕАҚ;
6) "А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті";
7) "Ұлттық ғылыми онкология орталығы"КЕАҚ;
8) "Астана Медицина университеті" КЕАҚ.
Астана қаласы әкімдігінің мемлекеттік білім грантына құжат тапсыру кезінде университетке құжаттар тапсырылуы қажет.