Астана әкімі LRT құрылысын қандай компания аяқтайтынын айтты

0
500

Компания аталған нысан құрылысын әрі қарай сала береді»


Астана әкімі LRT құрылысын қандай компания аяқтайтынын айтты

ERNUR.KZ. Журналистер Астана әкімі Жеңіс Қасымбектен LRT құрылысын қандай мердігер жалғастыратынын сұрады, деп жазады ulysmedia.kz.

«Бас мердігер – Қытай компаниясы. Сол компания аталған нысан құрылысын әрі қарай сала береді», - деді әкім.

Сондай-ақ, ол вагондарға да бас мердігер тапсырыс беретінін айтты.

«Нысанның жылжымалы құрамына да солар тапсырыс береді. Бас мердігер белгілі болғандықтан, нысанды өзі аяғына дейін жеткізеді», - деді Жеңіс Қасымбек.

Еске салсақ, мемлекет басшысы елорданы дамыту жөніндегі жиында LRT жобасына жеке тоқталған.

«LRT-ға қатысты жұмысты мейлінше тездетіп аяқтау керек. Мен бұрын да айттым, LRT жобасы негізінен қате болды. Бірақ қазіргі таңда басқа амалымыз жоқ, бұл жобаны жүзеге асыруымыз керек. LRT-ның құрылысын тоқтатсақ, шығын одан да көп болады. Ал, балама жобалар жоқ. Жалпы, әкімдікке Үкіметпен бірлесіп, Астананың көлік жүйесін дамытуға арналған кешенді бағдарлама әзірлеуді тапсырамын», – деді Тоқаев.

Ақпанда Астана әкімі LRT-ны келесі жылдың соңына дейін іске қосуға уәде берді.

Ал жуырда Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі Astana LRT құрылысына қаржы қашан бөлінетінін айтты.