Әкім сонымен қатар елорданың 2030 жылға дейінгі жаңа бас жоспары әзірленетінін айтты.
ERNUR.KZ. Жеңіс Қасымбек үкіметтің кеңейтілген отырысында LRT жобасы екі жылда аяқталатынын мәлім етті, деп жазады ulysmedia.kz.
Әкім сонымен қатар елорданың 2030 жылға дейінгі жаңа бас жоспары әзірленетінін айтты. Астанада бірнеше инфрақұрылымдық жоба іске аспақ. Екі газ стансасы мен үшінші ЖЭО салынады.
Еске салсақ, жыл басында мемлекет басшысы елорданы дамыту жөніндегі жиында LRT жобасына жеке тоқталған.
«LRT-ға қатысты жұмысты мейлінше тездетіп аяқтау керек. Мен бұрын да айттым, LRT жобасы негізінен қате болды. Бірақ қазіргі таңда басқа амалымыз жоқ, бұл жобаны жүзеге асыруымыз керек. LRT-ның құрылысын тоқтатсақ, шығын одан да көп болады. Ал, балама жобалар жоқ. Жалпы, әкімдікке Үкіметпен бірлесіп, Астананың көлік жүйесін дамытуға арналған кешенді бағдарлама әзірлеуді тапсырамын», – деді Тоқаев.
Ақпанда Астана әкімі LRT-ны келесі жылдың соңына дейін іске қосуға уәде берді.
Ал жуырда Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі Astana LRT құрылысына қаржы қашан бөлінетінін айтты.