2025 жылдың сәуір айынан бастап бұл пойыздар Шу станциясына тоқтамай, тікелей маршрутпен қатынайтын болады.
фото: «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі
ERNUR.KZ. «Жолаушылар тасымалы» АҚ Астана мен Алматы қалалары арасында қатынайтын № 4/3 және № 10/9 «Тальго» пойыздарының қозғалыс бағытына өзгерістер енгізілгенін хабарлайды.
2025 жылдың сәуір айынан бастап бұл пойыздар Шу станциясына тоқтамай, тікелей маршрутпен қатынайтын болады.
Шу станциясы – теміржол желісіндегі тораптық маңызы бар нысан болып саналады және мұнда локомотив ауыстыру жұмысы талап етіледі. Аталған өзгеріс логистиканы оңтайландыруға, сондай-ақ, Астана мен Алматы арасындағы жол жүру уақытын қысқартуға бағытталған. Сонымен қатар, Шу станциясында жолаушылар легінің төмендігі де ескерілген.
Шу станциясында отырғысы немесе түскісі келген жолаушылар үшін балама бағыттар қарастырылған. Бұл бағыттарда стандартты вагондардан құралған әлеуметтік маңызы бар пойыздар, сондай-ақ, келесі «Тальго» құрамдары қатынайды:
Астана мен Шу арасындағы пойыздар:
• № 72/71 «Астана – Шымкент»
• № 86/85 «Астана – Шымкент»
Шу мен Алматы арасындағы пойыздар:
• № 1/2 «Ташкент – Алматы»
• № 11/12 «Шымкент – Алматы»
• № 25/26 «Шымкент – Алматы»
• № 27/28 «Орал – Алматы»
«Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушылардан енгізілген өзгерістерге түсіністікпен қарауды және келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.