Бір рейс тоқтатылды.
фото: Аэропорт Астаны
ERNUR.KZ. Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана әуежайында 12 рейс кешіктіріліп жатыр, деп жазады sputnik.kz.
Жеті әуе рейсі ұшу уақытынан кешіктірілді, тағы бес рейс кешіктіріледі, дейді ведомство.
Кешігу себептері:
Шымкент және Қостанай бағыты - әуежайлардағы қолайсыз метеожағдай;
Қызылорда, Алматы және Камран рейстері – әуе кемесінің кеш келуі.
Түркістаннан ұшып келетін рейс тоқтатылды.
"Ұшудың кешігуі мен тоқтатылуының себептерін әуежайлар мен әуе компаниялары анықтайды. Астана әуежайы тарапынан шектеулер жоқ. Әуеайлақ пен терминалдар тұрақты жұмыс істеп тұр", - деп хабарлады әуежай.
Жалпы, Астана халықаралық әуежайы штаттық режимде жұмыс істейді. Әуе кемелерін қабылдау, шығару, перронды тазалау және әуеайлақ инфрақұрылымын күтіп ұстау бойынша жұмыстар үздіксіз режимде жүргізілуде, деп атап өтті әуежай әкімшілігі.
Жолаушыларға әуе компанияларындағы рейстер туралы өзекті ақпаратты нақтылау ұсынылды.
Сонымен қатар Астана ТЖД қала тұрғындарына ескерту жасады.
"Қазгидромет" РМК мәліметінше, 6 қаңтарда Астанада қар жауып, боран соғады, күндіз көктайғақ болады.
"Оңтүстік-батыстан секундына 15-20 м жылдамдықпен боран соғады, кей жерлерде екпіні 23 м/с жетеді. Осыған байланысты Астана қаласының ТЖД азаматтарға қатты жел кезінде жарақат алмау үшін қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертті", - делінген хабарламада.
Құтқарушылар ғимараттардан асықпай шығуға, электр желілерінің астында тұрмауға және балаларды қараусыз қалдырмауға кеңес берді.


