Астана қоқыс тастауға рұқсат етілмеген орындар жабылуда

0
1 236

Жұмыстар үш учаскеде жүргізілді: Нұра Есіл каналы, Қорғалжын тас жолы, Қ.Мұхамедханов көшесінің бас жағы.


Астана қоқыс тастауға рұқсат етілмеген орындар жабылуда

«Астана – өмір сүруге жайлы және қауіпсіз қала» бағдарлама шеңберінде Есіл ауданында рұқсат етілмеген қалдықтарды жинау және тасымалдау бойынша сенбілік ұйымдастырылды. Екі күнде полигонға 647 тонна құрылыс қалдықтары шығарылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ауданның экологиялық ахуалын жақсарту үшін және аумақты жинауға құрылыс компаниялары мен мердігер ұйымдар ұсынған 33 самосвал мен 7 жүк тасымалдаушы тартылды.

Жұмыстар үш учаскеде жүргізілді: Нұра Есіл каналы, Қорғалжын тас жолы, Қ.Мұхамедханов көшесінің бас жағы.

Есіл ауданы әкімінің аппаратымен бірге Есіл аудандық АІБ ЖПҚ ТҚБ инспекторларымен бірлесіп құрылыс объектілеріне комиссиялық тексеру жүргізілді. Аралау барысында құрылыс объектілерінде абаттандыру ережесі бұзылған фактілер анықталды. Осыған байланысты бұзушыларға егер ескертулерді жоймаса әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны туралы 29.10.2018 жылға 8 шақырту берілді.