Әлемнің 6 еліндегі компанияның 9 бейінді ғылыми-зерттеу және дизайнерлік орталықтары бірлесіп әлемнің 70-тен астам еліндегі тұтынушылар үшін автомобильдер жасайды.
ERNUR.KZ. Қыркүйек айында Қазақстанда Changan жаңа автокөліктерін сату басталады, деп жазады tengrinews.kz.
Компания құрамына Changan International Corporation (ҚХР) компаниясымен келісімге қол қойған Қазақстандағы Changan брендінің ресми дистрибьюторы Silkway Auto Kazakhstan кіреді.
"Changan International Corporation - ғасырлық тарихы және елеулі сату ауқымы бар автоөндіруші, бұл бүкіл әлем бойынша 20 миллионнан астам автомобиль сатқан алғашқы қытайлық компания. Брендтің халықаралық мойындалуы Changan қазақстандық нарықта өзінің табысты тарихын жалғастыратынына сенімділік береді", - дейді "Астана Моторс" бас директоры Бекнұр Несіпбаев.
"Астана Моторс" Қазақстанның автомобиль нарығының көшбасшысы репутациясына ие. Компанияның әлемдік автомобиль брендтерімен табысты ынтымақтастығының отыз жылдық тарихы команданың бай тәжірибесі мен жоғары кәсіпқойлығын куәландырады. Біздің бірлескен күш – жігеріміз Қазақстанның сатып алушыларына Changan автомобильдері мен сервистерінің брендтің әлемдік стандаттарға сай жоғары деңгейін толық көлемде бағалауға мүмкіндік беретініне сенімдімін", - деп атап өтті Changan International Corporation бас директоры Макс Сонг.
Changan – әлемдік автомобиль шығаратын технологиялық көшбасшыларының бірі. China Association of Automobile Manufacturers (CAAM) деректері бойынша Changan International Corporation компаниялар тобының сатылымдары Қытай автобрендтері арасында әлемде бірінші орын алады.
Әлемнің 6 еліндегі компанияның 9 бейінді ғылыми-зерттеу және дизайнерлік орталықтары бірлесіп әлемнің 70-тен астам еліндегі тұтынушылар үшін автомобильдер жасайды.
"Changan тарихы 160 жылға созылады және біз үшін Қытайдың ең көне және сонымен бірге ең прогрессивті автомобиль брендтерінің бірін ұсыну үлкен мәртебе. Біз Қазақстанда бренд құндылықтарын қолдауға, дилерлік желіні кеңейтуге, қауіпсіздік деңгейі жоғары, заманауи дизайны бар жоғары технологиялық автомобильдерді, сондай-ақ тұтынушыларымыз үшін сервис сапасының жоғары деңгейін ұсынуға ниеттіміз", - деді Silkway Auto Kazakhstan директоры Сергей Галкин.
Changan дилерлік желісінде сатуға арналған автомобильдер ағымдағы жылдың қыркүйегінде Қытайдағы зауыттардан тікелей жеткізіледі. Атап айтсақ, Changan брендінің жаңа технологиялық флагманы - UNI-K кроссовері, CS35PLUS және CS55 ықшам кроссоверлері және CS75FL орташа өлшемді кроссовері.
Алматыдағы Changan дилерлік орталығы өз жұмысын 2022 жылдың қыркүйегінде, Алматыдағы MyCar Kuldzhinka жаңа автоорталығында бастайды.
Жыл соңына дейін Changan дилерлік орталықтары Нұр-Сұлтан, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Орал, Өскемен, Шымкент қалаларындағы дилерлермен кеңейтуді жоспарлап отыр. 2023 жылдың соңына қарай Ақтөбе, Ақтау,Тараз, Қызылорда, Петропавл, Көкшетау, Семей және Талдықорған қалаларында тағы сегіз дилерлік орталықтар ашылады.