Әйелге бұзақылық жасады деп айып тағылды.
ERNUR.KZ. Астана-Новосибирск рейсінің жолаушысына бортсеріктерге шабуыл жасағаны үшін 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, деп жазады baq.kz.
Әйелге бұзақылық жасады деп айып тағылды. Атап айтқанда, жолаушы қоғамдық тәртіпті аса өрескел түрде бұзып, айналасындағыларға ашық түрде құрметсіздік танытқан және әуе кемесінің бортында азаматтарға күш қолданған.
Сот анықтағандай, жолаушы ұшақта бортсеріктердің қызметіне наразылық білдіріп, оларға қарсы күш қолданған.
Сот әйелге төрт жыл мерзімге жеке еркіндігін шектеу жазасын тағайындады. Сонымен қатар, ол есірткіге тәуелділіктен мәжбүрлі емделуге міндеттелді. Екі жәбірленушінің әрқайсысына 1 миллион теңге моральдық зиян үшін өтемақы өндірілді, - деп хабарлады Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.


