Балет – жай ғана би емес, ол көрермендерді көңіл күй мен әсемдік әлеміне жетелеуге қабілетті өнер.
"Астана Опера" — Еліміздегі Астана қаласында орналасқан опера және балет театры.
Мемлекеттік театрдың құрылысы 2010 жылы басталып, 2013 жылы 21 маусым күні Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен алғашқы маусымын ашқан болатын. Содан бері театр ұжымы елорда тұрғындары мен қонақтарының көзайымына айналып, тұрақты түрде өнер көрсетіп келеді.
Айрықша атап өтерлігі, бұл театр Орталық Азиядағы ең ірі театр болып саналады. "Астана Операның" репертуарында М.Төлебаевтың "Біржан — Сара", А. Жұбанов пен Л. Хамидидің "Абай", Е. Брусиловскийдің "Қыз Жібек" опералары, Ғ. Жұбанованың музыкасына жазылған "Қарагөз" балеті бар.
Соымен қатар, «Астана Опера» театры екі бірдей лауреат атағын алған – 2018 жылы Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидідің «Абай» операсы үшін Қазақстан Республикасының әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығы және 2019 жылы Мәскеуде өткен Ресейдің Үлкен театрында «Жылдың театр алаңы» номинациясында классикалық өнер саласындағы «BraVo» халықаралық сыйлығының иегері атанды.
Театр әлемдік классикадан да кенде емес, «Аида»,« Травиата»,« Дон Карлос » Дж.Верди, «Богема», «Тоска», «Мадам Баттерфляй», «Турандот» Дж.Пуччини, ж.Бизенің« Кармен»,« Севильдік шаштараз »және Дж.П. Чайковскийдің «Евгений Онегин», «Ұйқыдағы ару», «Аққу көлі», П. Чайковскийдің «Щелкунчик», с. Прокофьевтің «Ромео мен Джульетта», А. Хачатурянның «Спартак», Б. Асафьевтің «Бақшасарай бұрқағы», Л. Минкустың «Баядерка» және «Дон Кихот», « Корсар А. Аданның »және« Жизель», Л. Делибтің« Коппелия»; М. Фокиннің« Шопениана »және« Шехеразада», Б. Эйфманның« Роден», Р. Петидің« Париж Құдай Анасының соборы», к. Макмилланның «Манон» және тағы да басқа опера спектакльдерін көрерменге ұсынып отырады.
Биылғы жылы да театрдың көрерменге ұсынары көп әрі ерекше қойылымдармен басталды. Мәселен, жыл басын жас әртістердің дебюттерімен бастап, көрерменге «Ақшақар мен жеті ергежейлі» балетін ұсынған болатын. Айта кетерлігі, бұл қойылымның хореграфы Дюла Харангозоның айтуынша, «Астана Опера» балет труппасының бұл спектаклі Еуропада қойылған ең үздік қойылым болған екен.
Одан бөлек, театр ұжымы әлемдік театр қауымдастығымен бірге хореграф Полан Петидің 100 жылдығын да атап өтіп, «Коппелия» комедиялық балетін қойды.
Сонымен қатар, ақпан айының басында театр әртістері елорда тұрғындары мен қонақтарына Г.Левенскольдтің «Сильфида» балетін ұсынып, балетсүйер қауымға тамаша көңіл-күй сыйлады. Орман перілері жайлы хикаяны сахналаған балетті кез келген театр қоя бермейтінін атап өтер болсақ, театр ұжымының аз тер төкпегенін байқаймыз.
Театр қоржынында ұлттық опералар да жоқ емес. Мәселен, музыкасын атақты композитор Еркеғали Рахмадиев, ал либреттосын Кәукен Кенжетаев жазған «Алпамыс» ұлттық қаһармандық операсы танымал эпостық жырдың жаңа қырынан танытты. Бұл жолы түркі әлеміне танылған эпостық жырдың ерекшелігі сол, фэнтези жанрында қойылып ерекшеленді.
Жалпы, театр ұжымының биылғы дайындығы да, көрерменге ұсынар қойылымдары да ерек. Биылғы жылдың ауқымды жобасы жуырда өтетін гала-балет болғалы тұр. Театр ұжымы 26 ақпан мен 3 наурыз аралығында өз көрермендеріне ғажапқа толы апталықпен қуантқалы отыр.
Гала-балет екі түрлі бөлімнен - түрлі тақырыптардың, дәуірлердің және көрнекті хореографтардың өнерге деген көзқарастарын топтап, өрнекті үйлесіммен қойылым көрсетеді. Гала-балеттің ауқымды қойылымында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Айгерім Бекетаева, Мәдина Өнербаева, Әнел Рүстемова, Бақтияр Адамжан, Еркін Рахматуллаев, халықаралық байқаулардың лауреаттары Олжас Тарланов, Арман Уразов сынды орындаушылар өнер көрсетіп, қайталанбас эмоция мен үздік шеберлігімен көрерменге көркем де ұмытылмас қойылымдарды ұсынбақ.
Тек танымал әртістер ғана емес, бұл кештерде жарқын өнерімен танылып келе жатқан жастар мен тамаша солистер де өнерін паш етпек. Атап айтқанда, елорда тұрғындары мен қонақтары Шұғыла Әдепхан, Анастасия Заклинская, Лимара Айдарова, Камила Шахманова, Вега Камар Икбалова, Алина Зырянова, Мөлдір Шәкімова, Аделина Тулепова, кештің дебютанты Ғазиза Молдахмет, Сұлтанбек Ғұмар, Айбар Тоқтар, Диас Құрманғазы, Данияр Жұматаев, Александр Корнилов, Ғалымжан Нұрмұхамет, Жақсылық Сауқымбеков, Айдан Қалжан, Акбар Иминов сынды өнерпаздардың өткен мен бүгіннің үйлесім тапқан кемет көіше куә болады.
Мемлекеттік опера және балет таетрының алдағы уақытқа да көрерменге дайындаған қойылымдары көп. Мәселен, наурыз айында көрермендер тек Үлкен залдың өзінде Дж.Россинидің «Севильдік шаштараз» операсын, П.Чайковскийдің «Аққу көлі» балетін, Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсын тамашаласа, сонымен қатар Михаил Фокиннің Күміс ғасыр балеттері – Ф.Шопеннің музыкасына «Шопениана», Н.Римский-Корсаковтың музыкасына «Шехеразада», «Әлемді 80 минутта шарлау» опералық-географиялық концертін тамашалайтын болады.
Өнері өрге жүзген, аз уақыттың ішінде өз көрерменін қалыптастырып, елімізде ғана емес, алыс-жақын шетелге де танымал болған алып өнер ұжымының үздік қойылымдарын алдағы уақытта көптеп тамашалайтынымыз анық.