ПКСК жүйесіне кіретін барлық клуб өз жұмысын жалғастырады.
ERNUR.KZ. Бүгін «Астана» президенттік кәсіби спорт клубының (ПКСК) таратылғаны туралы белгілі болды, деп жазады ҚазАқпарат.
Нұр-Сұлтан қаласында өткен брифингте «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры бас директорының орынбасары Асқар Баталов айтып өткендей, ПКСК жүйесіне кіретін барлық клуб өз жұмысын жалғастырады.
«Астана» футбол клубы, «Астана» баскетбол клубы, «Барыс» хоккей клубы және «Astana Pro Team» велокомандасы секілді «Samruk-Kazyna Trust» құрамына кіретін барлық клуб өз жұмыстарын жалғастырады және тікелей «Самұрық-Қазына» қорынан қаржыландырылады»,- деді Баталов.