Куәгерлер оқиға Кенесары мен Уәлиханов көшелері қиылысындағы көпқабатты үйде болғанын мәлімдеді.
Фото:depositphotos.com / Towifqu
ERNUR.KZ. Астанада қыз биіктен құлап, мерт болды. Қайғылы оқиға 9 ақпанда болған, деп жазады tengrinews.kz.
Куәгерлер оқиға Кенесары мен Уәлиханов көшелері қиылысындағы көпқабатты үйде болғанын мәлімдеді.
"16 жастағы қыз 16-қабаттан құлады", - деді трагедия куәгерлері.
Астана Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі елорда тұрғынының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын жеткізді.
"Болған оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр", - деді ведомство өкілдері.