Астанада 6 жасар бала 9-қабаттың терезесінен құлап, мерт болды

0
425

Оқиға 9 тамызда болған.


Астанада 6 жасар бала 9-қабаттың терезесінен құлап, мерт болды

ERNUR.KZ. Астанада 9-қабаттың терезесінен 6 жасар бала құлап кетті. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Оқиға 9 тамызда болған.

«Алған жарақаттарынан алты жасар бала сол жерде қайтыс болды. Бұл факт бойынша тексеру жүргізіледі. Сараптама жасалады», - делінген хабарламада.

Полиция ата-аналарға үйдегі сақтық шараларын күшейтуді айтып дабыл қағып жатыр.

«Егер сіздің балаңыз үйде болса, терезелерді ашық ұстамаңыз. Ешқашан москит торларына сенбеңіз, балалар оған сүйенем деп, москит тормен бірге құлап кетеді. Балаңыз терезені өздігінен аша алмауы үшін терезелерге арнайы қорғаныс жүйелерін: құлыптар, блокаторлар орнатыңыз», - деп ескертеді полиция.