Астанада 9 айлық сәби ауруханада емделу кезінде күйіп қалған

0
103

Сәби жансақтау бөлімінде емделген.


Астанада 9 айлық сәби ауруханада емделу кезінде күйіп қалған

Фото: Желі кадрларынан скрин

ERNUR.KZ. Астанада ауруханада 9 айлық сәби ауруханада ем алу кезінде кенет күйіп қалған. Сәбидің анасы мұны дәрігерлердің салғырттығынан екенін айтты, деп жазады stan.kz.

KöpSöz Telegram арнасының мәліметінше, астаналық әйелдің қызы №3 қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына пневмония диагнозымен жатқызылған. Сәби жансақтау бөлімінде емделген. Анасының айтуынша, емдеу кезінде медициналық қызметкерлердің немқұрайлығынан сәби аяғынан күйік алған.

Анасы медициналық қауіпсіздік талаптарының бұзылғанын және сәби жағдайына қажет бақылаудың болмағанын айтты. Ол ресми тексеру жүргізіп, жауапты тұлғаларды тәртіптік және басқа да жауапкершілікке тартуды талап етіп отыр.

Ал Астана қаласының қоғамдық денсаулық басқармасы бұл факті бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп жатқанын жеткізді.