Астанада 9700 теңгеге кәмпит жеп қойған дүкен сатушысына үкім шықты

0
2 436

Үкім заңды күшіне енді


Астанада 9700 теңгеге кәмпит жеп қойған дүкен сатушысына үкім шықты

ERNUR.KZ. Астанада дүкен сатушысы ақшасын төлемей, 10 мың теңгеге жуық сомаға кәмпит жегені үшін сот алдында жауап берді, деп жазады ҚазАқпарат.

Астана қалалық сотының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, дүкен сатушысы қызметтік бабын пайдалана отырып, жалпы сомасы 9700 теңгеге кәмпиттер жиынтығын жеп қойған.

«Шығын толығымен өтелді. Дегенмен, зардап шеккен тараппен татуласу мүмкін болмады. №2 Есіл аудандық сотының үкімімен бойжеткен ҚР Қылмыстық кодексінің 187-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп табылды. Оған 48 100 теңге көлемінде айыппұл төлеу түрінде жаза тағайындалды. Үкім заңды күшіне енді», - делінген сот хабарламасында.