Астанада әпкесі экс-жігітінің қолынан қаза тапқан бала туралы тың ақпарат шықты

0
141

​Көз жұмған қыздың інісі – 16 жаста.


Астанада әпкесі экс-жігітінің қолынан қаза тапқан бала туралы тың ақпарат шықты

Фото: видеодан скриншот

ERNUR.KZ. Астанадағы тұрғын үйлердің бірінде бұрынғы жігітінің қолынан қаза тапқан бойжеткеннің інісі қазір балалар ауруханасында жатыр, жағдайы тұрақты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Марқұмның жарақат алған інісі 16 жаста болып шықты.

«2009 жылы туған жасөспірім жедел жәрдеммен екінші балалар ауруханасына арқа аймағындағы пышақ жарақатымен түсті. Аурухананың жедел хирургия бөліміне жатқызылды. Қазір жағдайы тұрақты», - деп мәлімдеді Астананың денсаулық сақтау басқармасы.

Естеріңізге салайық, кеше Астанадағы «Millennium Park» тұрғын үй кешенінде бойжеткенді бұрынғы сүйіктісі пышақтап кеткен. Қыз өз пәтерінде көз жұмды. Күдікті марқұмның кәмелетке толмаған інісін де пышақтаған. Бала тұрғын үйдің ауласындағы балалар алаңынан табылған.

Қылмыстық іс қозғалды.