Жарақат алған қыз ауруханаға жеткізілді
ERNUR.KZ. Астанада автобус жаяу жүргіншілерге арналған жолақта қызды қағып кетті, деп жазады ktk.kz.
«Оқиға сағат 08:20 шамасында Ш. Айтматов көшесінде болған. №61 бағдардағы автобус жаяужолдағы жүргіншіні басып кеткен. Жарақат алған қыз ауруханаға жеткізілді», - деп мәлімдеді баспасөз қызметінің өкілдері.
Қазіргі уақытта полиция жол апатының болу салдарын анықтауда. Еске сала кетейік, 20 желтоқсан күні Астанада №54 автобус жаяужолдан өтіп бара жатқан қызды қағып кеткен болатын.