Астанада екі ер адамның арасында туындаған жанжал атыспен аяқталды

0
187

Ұсталған азамат өз кінәсін толық мойындады.


Астанада екі ер адамның арасында туындаған жанжал атыспен аяқталды

фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева


ERNUR.KZ. Елордада екі ер адамның арасында туындаған жанжал қарулы қақтығысқа ұласты. Оқиға салдарынан 41 жастағы қала тұрғыны жеңіл жарақат алып, денесінде сырылған іздер қалған, деп жазады zakon.kz.

Полиция қызметкерлері мән-жайды анықтау барысында жанжал кезінде олардың бірінің қарсыласына травматикалық қарудан оқ атқанын және кейін оқиға орнынан ізін суытқанын анықтады.

Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде Алматы ауданының полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. Ол 27 жастағы азамат болып шықты.

Ұсталған азамат өз кінәсін толық мойындады. Тергеу барысында қылмысқа айғақ зат ретінде танылған тапанша тәркіленді.

Қазіргі таңда аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Астана қаласының полиция департаменті азаматтарды заңсыз сақталған травматикалық қаруды ішкі істер органдарына дереу тапсыруға шақырады.