Астанада газ баллоны жарылып, 3 адам зардап шекті

0
1 092

Өрт сөндірушілер жеткен уақытта бірінші және екінші қабат арасындағы төбе бөлігі опырылып түскен.


Астанада газ баллоны жарылып, 3 адам зардап шекті

ERNUR.KZ. Астанада екі қабатты ғимаратта газ баллоны жарылды, деп жазады ҚазАқпарат.

«15 наурыз күні сағат 17:06 кезінде Астана ТЖ департаменті пультіне Алаш тас жолы бойындағы «МолПродуктсервис» ЖШС-нің екі қабатты ғимаратында газ баллонының жарылғандығы туралы ақпарат келіп түсті. Сағат 17:14 шамасында өрт сөндірушілер жеткен уақытта бірінші және екінші қабат арасындағы төбе бөлігі опырылып түскендігі анықталды», - делінген таратылған мәліметте.

Белгілі болғандай, жарылыс салдарынан шамамен 300 шаршы метр аумақ жер опырылған.

«Үш адам зардап шекті, олар ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнына жеке құрамнан 22 адам мен 6 арнайы техника тартылды», - делінген департамент хабарламасында.

Оқиға орнына қала әкімі Бақыт Сұлтанов, ҚР ІІМ ТЖК төрағасы В.Беккер, ТЖД басшысының уақытша міндетін атқарушы М.Аманбаев, Байқоңыр ауданының әкімі Е.Каналимов келіп, мән-жайды анықтауда.