Астанада ірі өрт шықты

0
170

Өрт болған сәтте ішінде адамдар болған-болмағаны белгісіз.


Астанада ірі өрт шықты

фото: видео кадры

ERNUR.KZ. Астанада Мәңгілік ел даңғылы бойындағы ғимараттардың бірінде ірі өрт шықты. Оқиға сәті видеоға түсіп қалды, деп жазады tengrinews.kz.

Оқиға орнынан түсірілген кадрларды оқырман жолдаған.

"Қазіргі уақытта елордалық өртсөндірушілер Мәңгілік ел даңғылы бойында, Есіл ауданында орналасқан мейрамханадағы өртті сөндіріп жатыр. Оқиға орнында құтқарушылар жоғары деңгейдегі шақырту бойынша жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатыр", – деп мәлімдеді ТЖМ баспасөз қызметі.

Видеодан мейрамхана ғимараты қатты түтіндегені байқалады. Өрт болған сәтте ішінде адамдар болған-болмағаны белгісіз.

Сағат 17:00-де ТЖМ өрттің оқшауланғанын хабарлады. Бұл жалынның таралуы тоқтатылды, бірақ өрт әлі толық сөндірілмеді деген сөз.

Нақты мәлімет бойынша, Мәңгілік ел даңғылы бойындағы мейрамханалардың бірінде ас үй бөлігінде май жанған.

Сағат 17:13-те ТЖМ өрттің толықтай сөндірілгенін хабарлады. Зардап шеккендер жоқ.