Астанада қылмыстық топ ұсталды

0
103

Оның құрамында бірнеше рет сотталған криминалитет өкілдері бар


Астанада қылмыстық топ ұсталды

фото: Polisia.kz

ERNUR.KZ. Астана полициясы ұйымдасқан қылмыстық топты ұстады, деп жазады sputnik.kz.
Полицияның мәліметінше, оның құрамында бірнеше рет сотталған криминалитет өкілдері бар. Олар бірқатар ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінді.
"Эпизодтардың бірінде қорқыту және зорлық-зомбылық қолдану арқылы жергілікті тұрғыннан 5 млн теңге сомасында қаражат және Тоуота маркалы жол талғамайтын көлікті иемденген. Басқа жағдайда банктердің бірінің іргелес аумағында олар 6 млн теңгені ашық түрде тонап кеткен. Қылмыстық топтың барлық қатысушысы қамауға алынды. Олардың басқа да осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр", - деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс
Сотқа дейінгі тергеу алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған бопсалау және тонау фактілері бойынша жүргізіліп жатыр.