Жаттығу кезінде әртүрлі күрделі элементтер қолданылады.
ERNUR.KZ. Бүгін Астанада лаңкестікке қарсы оқу-жаттығу өтеді, деп жазады sputnik.kz.
"Осы жылдың 29 сәуірінде сағат 11:00-ден 16:00-ге дейін "Нұрлы жол" теміржол вокзалында (М. Тынышбайұлы көшесі, 8) елорданың терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы лаңкестікке қарсы жоспарлы оқу-жаттығу өткізуді жоспарлап отыр. Іс-шараның мақсаты – жедел штабтың күштері мен құралдарының лаңкестік әрекетке жедел жауап қайтару, терроризм актісі салдарын барынша азайту және жою жөніндегі міндеттерді орындауға дайындығын тексеру", - деп жазылған хабарламада.
Жаттығу кезінде әртүрлі күрделі элементтер қолданылады. Теміржол вокзалының маңайында шектеу шаралары қарастырылған.
"Осыған байланысты азаматтарды өткізіліп жатқан оқу-жаттығу іс-шараларына түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және жұмылдырылған мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырамыз", - делінген жедел штаб таратқан хабарламада.