Ал аяқасты оқудан шығып қалғандар негізінен магистранттар мен докторанттар. Оларға 61 мың мен 82 мың теңге аралығында шәкіртақы төленген. Сонымен бірге, грантта білім алғаны үшін мемлекет тарапынан төленген қаражат бар. Соның бәрін 117 студенттің әрқайсысы түгел қайтару керек.
Астанада оқудан шығарылған медициналық университеттің 117 студентіне қатысты үлкен даудан кейін жауаптылар жаппай жазаланып жатыр. Оларды жалған құжатпен оқуға қабылдаған факультет деканы мен оның орынбасары және тағы бір қызметкері жұмыстан қуылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ KTK-арнасына сілтеме жасап.
Ал аяқасты оқудан шығып қалғандар негізінен магистранттар мен докторанттар. Оларға 61 мың мен 82 мың теңге аралығында шәкіртақы төленген. Сонымен бірге, грантта білім алғаны үшін мемлекет тарапынан төленген қаражат бар. Соның бәрін 117 студенттің әрқайсысы түгел қайтару керек. Бірақ, солардың 18-і қазір адвокат жалдап, сот арқылы құқықтарын қорғап жатыр Айтакетсек, жанжал «IELTS" бағдарламасы бойынша, яғни ағылшын тілін меңгергендігі туралы сертификаттан басталған. Тексеріс кезінде оның жалған екенін анықталды. ЕНді басы дауға қалған Астана медициналық университеті Денсаулық сақтау министрлігіне қарайды. Олар қазіргі уақытта білім ошағының ендігі тағдырын Білім және ғылым министрлігімен бірге талқылап жатыр. Ернар Тұрсынбет, Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру деканы: -Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті тарапынан нұсқама беріліп және әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылған болатын. Егер де университет өзіне жүктелген нұсқамаларды толдық орындамаса, онда министрлік тарапынан лицензияны қайтарып алу туралы сұрақ қойылады.