Астанада мектеп маңындағы ғимараттан табылған 14 жастағы оқушының өлім себебі анықталды

0
400

Қаңырап иесіз тұрған бұрынғы балабақша ғимаратынан 14 жасар қыздың мәйітін сол маңда ойнап жүрген балалар тапқан.


Астанада мектеп маңындағы ғимараттан табылған 14 жастағы оқушының өлім себебі анықталды

Фото видеодан алынды (қыздың денесі табылған ғимарат)

ERNUR.KZ. Астанада иесіз ғимараттан денесі табылған 14 жастағы оқушы қыздың өлім себебі белігі болды, деп жазады stan.kz.

Полиция осыдан бір ай бұрын болған қайғылы жағдай бойынша сот-медициналық сараптама қорытындысын жария етті.

Қаңырап иесіз тұрған бұрынғы балабақша ғимаратынан 14 жасар қыздың мәйітін сол маңда ойнап жүрген балалар тапқан. Дәл сол жерде жалпы білім беретін мектеп те бар. Бірақ оқушы қыз онда емес, басқа мектепте оқыпты.

Марқұм Аурелияның ата анасы сабақтан кейін, серуендеуге далаға шыққан қыздарының не үшін ескі ғимаратқа барғанын түсінбейді. Бұған дейін де 4 рет өрт болып, тағы бір ер адам көз жұмған ескі ғимарат қаңғыбастар паналайтын орынға айналғалы 3 жылдай болыпты. Қыздың жұмбақ өлімін әркім әрқалай айтып, сан саққа жүгірткен еді. Ал сот медициналық сараптамасы оның газдан уланғанын анықтады.

"14 жастағы қыздың мәйітін табу фактісі бойынша істің барлық мән-жайын обьективті, жан жақты зерттеуге бағытталған сотқа дейінгі тергеп тексеру жалғасып жатыр. Сот медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, өлім газ қоспасымен улану салдарынан болған. Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп тексерудің өзге де деректері жарияланбайды”, – дейді Астана қаласы, ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Эльмира Шәуленова.

Еске салсақ, Астанадағы №5 мектеп-гимназиясының жанынан 14 жастағы қыздың мәйіті табылған еді.