Желіде қыздың іші, бөксесі, қолы мен мойнынан жарақат алғаны айтылған.
ERNUR.KZ. Астанада мектеп оқушысы түрлі пышақ жарақаттарымен ауруханаға түсті, деп жазады stan.kz.
Желіде тараған ақпаратқа сәйкес қыз Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-сыныбында оқиды. Алдын ала мәлімет бойынша қызды оның кездесіп жүрген жігіті пышақтап кеткен.
Полиция қазіргі таңда күдіктіні ұстаған. Оған “Кісі өлтіруге оқталу” бабымен іс қозғаған.
“Жарақат алған оқушы қыз №2 көпсалалы ауруханада ем қабылдап жатыр. Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері қыздың алдыңғы құрсақ бөлігінен көп жарақат алғанын мәлімдеді. Қазіргі таңда құрсақ бөлігіне ота жасалды. Жағдайы ауыр, бірақ тұрақты”, – деп жазды телеграм-арнада.
Желіде қыздың іші, бөксесі, қолы мен мойнынан жарақат алғаны айтылған.